Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержантты әріптесі атып тастады

  Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержанттың білегіне оқ тиген. Қазір ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр. Бұл турады Todayinfo агенттігі Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Видеодан скриншот Оқ тиіп жараланған

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержантты әріптесі атып тастады
 Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержанттың білегіне оқ тиген. Қазір ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр. Бұл турады Todayinfo агенттігі Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Видеодан скриншот Оқ тиіп жараланған кіші сержант Темірбек Мыңжасаров Сарыөзек гарнизонында жұмыс істеген. Осы жерде 6 ай әскери борышын өтеп, бір жыл бұрын келісімшартпен әскери қызметке қабылданыпты. Отарға оқу-жаттығуға баруы керек болған ол қазір ауруханада жатыр. Оқиға 2 қыркүйек түс уақытында болыпты. Кіші сержанттың туыстарының айтуынша, әріптесі байқаусызда оқ атқан. Оқ оның білегін тесіп өткен. Алайда әскери бөлім басшылығы жарақат алған қызметкерін ауруханаға апармай, бір тәулік пәтерде ұстаған көрінеді.
“Баламды ВСУ-дың штабынан таптым, ол жігіттер баламды біреудің пәтерінен тауып алған. Балам жараланған уақытта сол жерге апарған. Негізінде оқ тиген уақытта оған гангрена болмау үшін дәрі салыну керек екен ғой, ондай салынбаған. Құр лидокаин салған. ВСУ тауып бермегенде, баламның сүйегін де таппай қалар ма едім”, – деді Темірбектің әкесі Бақтбек Қасымбеков.
Бақытбек Қасымов ұлының жараланып жатқанын кездейсоқ біліпті. Оны әскери полиция арқылы тауып ауруханаға апарған. Құзырлы орган өкілдері сол кезде келіп істі тіркеген.
“2 қыркүйекте қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан әскери қызметші жарақат алды. Еңбек демалысында екенін білемін, бірақ нақты дүйсенбі ме, сейсенбіден бе білмеймін. Ол қылмыс бойынша ешқандай ақпарат айта алмаймын. Өйткені онымен тергеу айналысып жатыр”, – деп мәлімдеді 12740 әскери бөлім командирінің орынбасары Нұрғали Ақылбаев.
Темірбек Мыңжасаров еңбек демалысына шыққанын өзі де, отбасы да білмейтін болып шықты. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.  

Related

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержантты әріптесі атып тастады · Todayinfo