Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жетісу облысында мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерді алдап келген

Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерді алдап келген, деп хабарлайды Todayinfo. Кербұлақ ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы салық салынуға жатпайтын көлік құралдарының иелеріне заңсыз хаттар жіберіп отырған. Осылайша 72 кәсіпкерге хабарлама жібе

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Жетісу облысында мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерді алдап келген
Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерді алдап келген, деп хабарлайды Todayinfo. Кербұлақ ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы салық салынуға жатпайтын көлік құралдарының иелеріне заңсыз хаттар жіберіп отырған. Осылайша 72 кәсіпкерге хабарлама жіберген.
«Салық салуға жатпайтын қозғалтқыш көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгі бір жеңіл автокөлігі бар фермер қожалығының басшысына хабарлама жіберілген», - делінген прокуратура хабарламасында.
Қазір хаттар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Related

Жетісу облысында мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерді алдап келген · Todayinfo