“Сот шешім қабылдау кезінде баланың анасына қатысты сараптама қорытындылары негізге алды. Оған мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар, күтім мен емдеуді қажет ететін жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған. Қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмаған әрі оларды басқара алмаған. Психикалық жай-күйіне байланысты әйел сот процесіне қатысуға қабілетсіз және өзі мен айналасындағыларға қауіп төндіреді. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық шара қолданылды”, – деді Жетісу облысы сотының баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.Айыпталушының төрт және екі жастағы ұлдары қазір Талдықорған қаласындағы балалар мекемелерінің бірінде тәрбиеленуде. Жақын арада сот қорғаншылық және қамқоршылық органдары жинаған материалдарды қарап, балаларға қатысты шешім қабылдауы тиіс.
Жетісуда 4 жасар баласын аяусыз ұрған әйелді сот психикалық ауытқуы бар деп таныды
Жетісу облысында кәмелетке толмаған ұлын аяусыз соққыға жықты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Өз баласын азаптаған ананың үстінен қозғалған қылмыстық іс Панфилов аудандық сотында қаралды. Оқиға биылғы жылды

Жетісу облысында кәмелетке толмаған ұлын аяусыз соққыға жықты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өз баласын азаптаған ананың үстінен қозғалған қылмыстық іс Панфилов аудандық сотында қаралды.
Оқиға биылғы жылдың 18 қаңтарында Нұркент кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Видеода жас әйелдің шамамен үш-төрт жастағы кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққаны бейнеленген. Әйел жылу батареясына байланған баланы ұрып, тепкілеп тастайды.
Кейінірек әйелдің баласын жуынатын бөлмедегі кранды жабуды ұмытып кеткені үшін осылай “жазалағаны” белгілі болды.
Тергеу барысында әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот-психиатриялық сараптама қорытындыларын ескере отырып, сот әйелді мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·