Қазақ жігіттері шетелден қалыңдық іздеуге кірісті. Индонезия, Камбоджа сынды елдерді аралап, қыз таңдап жүрген жігіттер шетелдік бойжеткендерді жарнамалап, жеңгетайлықпен ашық айналысып жүр, деп жазады Todayinfo порталы. Әсіресе блогерлер бұл салаға белсене кіріскен. Олардың жарн
Қазақ жігіттері шетелден қалыңдық іздеуге кірісті. Индонезия, Камбоджа сынды елдерді аралап, қыз таңдап жүрген жігіттер шетелдік бойжеткендерді жарнамалап, жеңгетайлықпен ашық айналысып жүр, деп жазады Todayinfo порталы.
Әсіресе блогерлер бұл салаға белсене кіріскен. Олардың жарнамалары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
«Былтыр мен осы уақытта Камбоджаға барып, мына өзіміздің қазақтың жігіттерінің біразының бақытын ашқанмын. Яғни сол Камбоджадағы бойдақ қыздарды өзіміздің бойдақ жігіттерімен таныстырып, қазіргі уақытта олар екі—үштен бала сүйіп отыр. Қазақтың жігіттері маған алғысын айтып, тағыда басқа елге барсаңыз қыздар болса хабарын беріңіз деген», — деді Жомарт Албан есімді блогер.
Топтасып шекара ашқан жігіттер шетелдік қыздарды ашық жарнамалауға көшкен. Ал жеңгетайлықпен жүрген жігіттерге хабарласып жатқан қазақтар аз болмай шықты.
«Мен кеше Балиге келдім, бұл жерде де қыздарға жігіттер жетіспейді екен. Бұл жерде жетіспегені аздай, егер сіз осы Индонезияның қызын алсаңыз сізге он, он бес миллион қосымша ақша төленеді екен. Мен қазір қыздармен таныстырамын, егер сіз үйленеміз деп шешсеңіз, бақытты боламын десеңіз міндетті түрде комментариге "үйленем бақытты болғым келеді" деп жаза кетіңдер.
Жігіттер бұл қыз Ниса деген бойжеткен. 26 жаста, қазақтың жігіттері болса күйеуге шығамын дейді. Сразу айтады, үш бала туып беремін дейді. Қарасаң көре бергің келеді. Так что жігіттер міндетті түрде үйленгілерің келсе хабарласыңдар, жаза кетіңдер, осы жақтан былтырғыдай жақсы—жақсы, нағыз әйел болатын қыздар тауып берем. Менің бұл жердегі бірінші мақсатым, қазақ ұлтының санын көбейтуге үлес қосу. Өзіміздің қазақтың қыздарын күтіп жүрсеңдер, олар жаңағы ақшасына, үйіне, машинасына қарап бағалайды. Ал бұл жердің қыздарын алсаң, даже дополнительно ақша төлейді», — деді блогер.