«Жина қолыңды!»: Шымкентте ер адамның дөрекі әрекетін тоқтатқан әйел желіні шулатты
Фото: Видео скриншот Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер а

Фото: Видео скриншот
Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер азаматқа қатты ескерту жасағаны көрінеді.
Видео кадрларында ол ер адамға: «Әйелді ұрма, қолыңды жина!» деп қатқыл түрде тоқтау салуға тырысады.Оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшілік куәгер әйелдің әрекетін қолдап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау керегін атап өтті.
Жарияланымнан кейін полиция жұбайларды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, бұл тұрмыстық жанжал. Әйел арыз жазудан бас тартқанымен, тәртіп сақшылары ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қамауға алған. Сонымен қатар, оларға қорғау нұсқамасы да шығарылған.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·