Жойқын жер сілкінісі тағы қайталанды: Мьянмадағы зілзаладан қаза тапқандар саны 1700 адамға жетті
Фото: AFP Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700 адамға жетті. Ал іс-түзсіз жоғалғандар саны күн сайын өсіп жатыр. 300 адамның қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Синьхуа басылымына сілтеме жасаған Todayinfo. 29 наурызда олардың саны 1600-ден асқаны хабарлан

Фото: AFP
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700 адамға жетті. Ал іс-түзсіз жоғалғандар саны күн сайын өсіп жатыр. 300 адамның қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Синьхуа басылымына сілтеме жасаған Todayinfo.
29 наурызда олардың саны 1600-ден асқаны хабарланды. Сонымен қатар, 3400 адам зардап шекті, жүздеген азамат із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Үйіндіні тазарту жұмысы кезінде қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.
Бірнеше мемлекет зілзаланың зардабымен арпалысып жатқанда, тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді. Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Тонга жағалауында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкіністері Тонгадан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымдай жерде болғанын мәлім етті.
Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы зілзала ошағынан 300 шақырым қашықтықтағы жағалау сызығында қауіпті толқындар болуы мүмкін екенін айтты. Әзірге залал туралы ақпарат түскен жоқ.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·