Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жұлдыз Әбдікәрімова: Жақ сүйегімен күресіп жүргеніме екі жыл болды

Белгілі актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына қазіргі уақытта денсаулығына байланысты қандай ем қабылдап жүргенін ашық айтты. Оның айтуынша, ол екі жылдан бері жақ сүйегіне қатысты күрделі медициналық процестен өтіп жүр,деп хабарл

By Айғаным Нариманова··1 min read
Жұлдыз Әбдікәрімова: Жақ сүйегімен күресіп жүргеніме екі жыл болды
Белгілі актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына қазіргі уақытта денсаулығына байланысты қандай ем қабылдап жүргенін ашық айтты. Оның айтуынша, ол екі жылдан бері жақ сүйегіне қатысты күрделі медициналық процестен өтіп жүр,деп хабарлайды Todayinfo.

«Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды деп өзімді жұбатамын. Қай этапқа келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер», – деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, жақ сүйегіне қатысты емдеу шаралары 2023 жылдан бері жалғасып келеді.

«2023 жылдан бері жақпен алысып келеміз. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс», – деп жазды актриса.

Ол жазбасымен бірге емдеу кезеңін бейнелейтін сурет те жариялады.

Related

Жұлдыз Әбдікәрімова: Жақ сүйегімен күресіп жүргеніме екі жыл болды · Todayinfo