Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Журналист Думан Мұхамедкәрім ұзақ жылға сотталып кетті

Коллаж Ulysmedia.kz Журналист Думан Мұхаммедкәрімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Сот үкімі онлайн оқылды. Қорғаушылар соттан үкімге түсініктеме беруді сұраған, алайда эфир үзілген. Қонаев қалалық сотының үкімімен журналист кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Журналист Думан Мұхамедкәрім ұзақ жылға сотталып кетті
Коллаж Ulysmedia.kz Журналист Думан Мұхаммедкәрімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Сот үкімі онлайн оқылды. Қорғаушылар соттан үкімге түсініктеме беруді сұраған, алайда эфир үзілген. Қонаев қалалық сотының үкімімен журналист кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Журналист үкім бойынша сонымен қатар, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналыса алмайды. Оған «экстремизмді қаржыландырып, тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деп айып тағылған еді.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Думан Мұхаммедкәрімді жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы журналистке қоғамдық-саяси қызметке үш жылға тыйым салуды талап етті.

Related

Журналист Думан Мұхамедкәрім ұзақ жылға сотталып кетті · Todayinfo