«Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды
Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап кетіп, аяусыз қорлаған. Қыздың анасы адамшошырлық видеоны жария етті, деп хабарлайды Todayinfo . КТК арнасының хабарлауынша, күдіктілер жантүршігерлік қорлау әрекеттеріне барған. Қыздың анасының сөзінше, әйелдер көлік ішінде қыздың

Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап кетіп, аяусыз қорлаған. Қыздың анасы адамшошырлық видеоны жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.
КТК арнасының хабарлауынша, күдіктілер жантүршігерлік қорлау әрекеттеріне барған.
Қыздың анасының сөзінше, әйелдер көлік ішінде қыздың қолына темекінің күлін басқан, мұнымен тоқтамай айдалаға апарып ұрып-соғып, суға тұншықтырып, табаның сүйгізіп, жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған. Оның бәрін видеоға түсірген.
Олар қызды қорлап болған соң, телефонын тартып алған, видеоны таратамыз деп қорқытқан. Содан кейін өздерінің 3 млн теңге несиесін жауып беруді талап еткен.
Оқушы мектеп бітірген соң заң факультетіне оқуға түсуге дайындалып жүрген. Оған таныстарының бірі сабағына көмектесуге уәде берген. Бірақ аяқ астынан жасөспірімге танысының қалыңдығы хабарласқан, осылайша әйел қызғаныштан қызды жазаламақ болған.
Еске сала кетейік, Алматы облысының полициясы кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ведомство оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр және қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректерінің таралуы жөніндегі ақпаратты тексеруде.
Фото: Depositphotos
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·