«Кінәмді толық мойындаймын және кешірім сұраймын. Екі жақ келісімге келдік, сол себепті істі қысқартуды сұраймын. Қазір көлігімде екі миллион теңге бар. Қалған бір миллионды он күннен кейін әкеліп беремін. Оған дейін көлігімнің кілтін қалдырып кетемін. Қалған ақшаны берген соң көлігімді қайта аламын», – деді ол.Судья шешім шығару үшін залдан шығып кеткен сәтте блогер екі миллион теңгені қолма-қол беріп, көлігінің кілтін де жәбірленушіге тапсырған. Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатып, Теменовті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Азаматтық талап та тоқтатылды. Бірақ, сот оның «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды. Сонымен қатар, блогер Теменов өзінің әлеуметтің желіде ақынды балағаттағаны үшін күллі халықтан кешірім сұрап бейнежазба жариялауға уәде етті. Еске салар болсақ блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген еді. Былтыр 8 қазанда блогер Әлішер Теменов әлеуметтік желіде Мұқағали Мақатаевты балағат сөздермен бейнежазба жариялады. Ақынның ұлы моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге сұраған болатын. Фото: kaz.orda.kz Ақпарат көзі: Orda.kz
«10 млн теңге талап еткен»: Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған жігіттің көлігін алып қойды
Алматыда Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Todayinfo . Теменовке Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айып тағылған болатын. Бұл істі судья Бейнекүл Қайсина қарады

Алматыда Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Теменовке Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айып тағылған болатын. Бұл істі судья Бейнекүл Қайсина қарады.
16 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады. Ол блогерден моральдық шығын ретінде он миллион теңге талап еткен.
Сотта Теменов «екі жақ келісімге келгенін» айтты.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·