Todayinfo.kz
SocietyView all articles

«100 мың доллар»: Қуат Хамиттің сынынан кейін боксшы қыздардың сыйақысы еселенді

Фото: ҚР Бокс федерациясы Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қомақты сыйақы бермек.  8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықарал

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
«100 мың доллар»: Қуат Хамиттің сынынан кейін боксшы қыздардың сыйақысы еселенді
Фото: ҚР Бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қомақты сыйақы бермек.  8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Сонымен қатар, боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады: Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA ұйымынан Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары ҚФФ, 50 мың доллар IBA Елдана Талипова – 50 мың Ақш доллары ҚФФ, 50 мың АҚШ доллары IBA Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары ҚФФ, 25 мың АҚШ доллары IBA Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылып отыр. Еске салайық, бұған дейін ережесіз жекпе жектің шебері Қуат Хамит чемпиондарға берілетін сыйақы мөлшерін эскорт қыздардың табысынан төмен деп сынға алған еді. 

Related

«100 мың доллар»: Қуат Хамиттің сынынан кейін боксшы қыздардың сыйақысы еселенді · Todayinfo