«8 маусым А. Талдықорған қаласында бола тұрып, облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету басқармасының лауазымды тұлғасы, прокурор бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық мақсатты көздеген. Осы мақсатпен А. қызықтырған қылмыстық істі онды шешуге көмектесуге уәде беріп, өзінің танысы К-ны жаңылыстырған. Алайда, А-ның істі тергеуге қатысуға ешқандай ниеті болған жоқ. Осылайша А. оның 1,9 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденді», - делінген қалалық соттың хабарламасында.Сотталушы өз кінәсін мойындап, келген зиянды толық өтеген. Жәбірленуші сотталушыны кешірген.
«1,9 млн теңге алған»: Талдықорғанда қылмыстық істі парамен шешпек болған прокурорға үкім шықты
Талдықорған қалалық сотында қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінген прокурордың ісі қаралды, деп хабарлайды Todayinfo. Сот барысында экс-шенді танысының қылмыстық ісін оңды шешуге көмектесуге уәде беріп, оның 2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқты

Талдықорған қалалық сотында қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінген прокурордың ісі қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.
Сот барысында экс-шенді танысының қылмыстық ісін оңды шешуге көмектесуге уәде беріп, оның 2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтық жолмен алғаны дәлелденді.
Судья бұрынғы прокурорды кінәлі деп танып (ҚР ҚК 190-бап 3-бөлім, 2 тармақ), оған 19 463 180 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·