Todayinfo.kz
NewsView all articles

6 қызды зорлап өлтірген қылмыскерге қатысты тың дерек шықты

Бұрын 6 бірдей жас қыздың өмірін қиып, олардың денелерін қорлаған Вячеслав Яиков қазіргі таңда Смоленск облысындағы психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.   SHOT басылымының хабарлауынша, дәрігерлер оның психикалық жағдайын тұрақтандыр

By Айғаным Нариманова··2 min read
6 қызды зорлап өлтірген қылмыскерге қатысты тың дерек шықты
Бұрын 6 бірдей жас қыздың өмірін қиып, олардың денелерін қорлаған Вячеслав Яиков қазіргі таңда Смоленск облысындағы психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.   SHOT басылымының хабарлауынша, дәрігерлер оның психикалық жағдайын тұрақтандырған, ал өзі емдеу мекемесінде тәртіпті мінез-құлқымен ерекшеленіп жүр. Мекеме тәртібін еш бұзбаған Яиков жазуды да үйренген. Бұрын ол олигофренияға байланысты жаза алмаған. Енді оның мінсіз тәртібінің арқасында ауруханадағы ішкі және сыртқы аумақтарды тазалау секілді шаруалар сеніп тапсырылған. Қазіргі кезде ол еден жуып, қыс мезгілінде қар тазалаумен айналысады. 81 жастағы анасы ұлын Челябіге ауыстыруға тырысуда, себебі оның қасына барып, жүзбе-жүз кездесу арманға айналған. Алайда емхана әкімшілігі бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы. Себебі Яиков аса қауіпті қылмыскер ретінде тіркелген. Яиков өзі жазған хаттарында тазалықшы қызметін атқарып жүргенін, "тәртіпті балаға" айналғанын және әйелдерге назар салмайтынын айтып сендіреді. Анасы болса оған әр ай сайын 15 келі көлемінде тәтті-дәмді салып, сәлемдеме жолдап отырады. Вячеслав Яиковтың аты 2000-жылдардың басында Копейск қаласындағы жантүршігерлік қылмыстармен танылған. Ол анасымен бірге Қырғызстаннан көшіп келгеннен кейін, бірқатар жас қыздарды аңдып, оларды ішімдікпен алдап, есінен тандырған. Жәбірленушілерді бұталар арасына сүйреп апарып, тұншықтырып өлтіріп, кейін өлі денелеріне зорлық көрсеткен. Ол екі мектеп бітіруші қызды өлтіргеннен кейін ғана ұсталған. Сот психиатриялық сараптама нәтижесінде оның есі дұрыс емес деп танылып, мәжбүрлі емделуге жіберілген болатын.  

Related

6 қызды зорлап өлтірген қылмыскерге қатысты тың дерек шықты · Todayinfo