Todayinfo.kz
NewsView all articles

640 метр тереңдік: Ұлытау облысында шахта опырылып, 7 кенші үйінді астында қалды

Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жомарт» кенішінде апат болды. 640 метр тереңдікте тау массасы опырылып, үйінді астында 7 адам байланыссыз қалған, - деп хабарлайды Todayinfo Tөтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта «Серіктес» АСС» ЖШС-ні

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
640 метр тереңдік: Ұлытау облысында шахта опырылып, 7 кенші үйінді астында қалды
Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жомарт» кенішінде апат болды. 640 метр тереңдікте тау массасы опырылып, үйінді астында 7 адам байланыссыз қалған, - деп хабарлайды Todayinfo Tөтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта «Серіктес» АСС» ЖШС-нің құтқарушы бөлімі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
«Оқиға орнына шұғыл түрде Ұлытау облысы ТЖД және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есеп, Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері және Қазақстан ТЖМ-ның психологтары аттанды», делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында ТМН-ның және облыстық ТЖД-ның шұғыл штабы құрылды. ТЖМ шұғыл байланыс желісін ұйымдастырды: +7 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. фото: freepik

Related

640 метр тереңдік: Ұлытау облысында шахта опырылып, 7 кенші үйінді астында қалды · Todayinfo