Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Баланы ұруға заңмен тыйым салынды

Ташкент, Өзбекстан (19 қараша 2024) - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ата-аналарға балаларын тәрбиелеу кезінде ұруға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Todayinfo  тілшісі Lex.uz сайтындағы ресми құжатқа сілтеме жасап хабарлады. Заң 2025 жылдың 15 мамырында күшіне

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Баланы ұруға заңмен тыйым салынды

Ташкент, Өзбекстан (19 қараша 2024) - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ата-аналарға балаларын тәрбиелеу кезінде ұруға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Todayinfo тілшісі Lex.uz сайтындағы ресми құжатқа сілтеме жасап хабарлады. Заң 2025 жылдың 15 мамырында күшіне енеді.

Фото: rgmedia.kz

"Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау туралы" заң кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейді. Заңда "балаларды тәрбиелеу тәсілі балаларды немқұрайлылықтан, қатыгездіктен, азаптаудан, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастан, зорлық-зомбылықтан таза болуы керек" деп көрсетілген.

Заң бойынша зорлық-зомбылық түрлері:

  • Физикалық
  • Психологиялық
  • Жыныстық
  • Қамқорлық көрсетпеу
  • Қанау, қорқыту

Зардап шеккен бала уәкілетті органдарға немесе сотқа хабарласып, арнайы орталықтарда немесе сенім телефоны арқылы тегін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және медициналық көмек алуға құқылы.

Related

Баланы ұруға заңмен тыйым салынды · Todayinfo