Todayinfo.kz
Turkistan cityView all articles

«800 адам үлесін қосты»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және облыстық басқармалар мен департамент қызметкерлері белсенді қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық аген

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«800 адам үлесін қосты»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және облыстық басқармалар мен департамент қызметкерлері белсенді қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сенбілікке жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлесін қосты. Сонымен қатар, сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабында шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.

Related

«800 адам үлесін қосты»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті · Todayinfo