Todayinfo.kz
News

Әділет министрлігі вице-президентке қатысты талапты жариялады: Бизнеспен айналыса алмайды, партияда болмайды

Әділет министрлігі Қазақстанда енгізілуі мүмкін вице-prezident лауазымына қойылатын талаптарды жариялады. Ол депутат бола алмайды, бизнеспен айналыспайды.

By Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 min read
Әділет министрлігі вице-президентке қатысты талапты жариялады: Бизнеспен айналыса алмайды, партияда болмайды
Қазақстанда жаңадан енгізілуі мүмкін вице-президент лауазымына қатысты негізгі талаптар мен шектеулер жарияланды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бұл қызметтегі тұлғаның саясаттан тыс, кәсіби болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында сөз алған министрдің айтуынша, вице-президент бірнеше маңызды қызметпен айналыса алмайды. Атап айтқанда, ол өкілді органның депутаты бола алмайды, басқа ақылы қызмет атқара алмайды және кәсіпкерлікпен шұғылдануына жол берілмейді. Сонымен қатар оның қандай да бір саяси партияға мүше болуына тыйым салынады. Ерлан Сәрсембаев бұл шектеулердің лауазымның саясаттан ада және кәсіби сипатын қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді. Вице-президенттің негізгі міндеттері де айқындалды.
"Вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етеді, негізгі билік институттарымен өзара әрекеттеседі. Сонымен қатар азаматтық қоғам, ғылыми-мәдени қауымдастық және сарапшылар ортасымен диалогты дамытуға жауапты болады. Бұл өкілеттіктер негізгі сипатқа ие және қажет болған жағдайда Мемлекет басшысы оны нақтылай алады", - деді Әділет министрі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда вице-президент лауазымын құру туралы ұсынысты биыл 20 қаңтарда Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. Фото: Ақорда

Related