- озық агротехнологиялар мен цифрлық шешімдер презентациясы;
- аграрлық саладағы стартаптар мен инновациялық жобаларды таныстыру;
- кәсіби шеберлік сабақтары мен оқыту семинарлары;
- тақырыптық пікірталастар;
- салааралық іскерлік кездесулер мен серіктестік келіссөздер.
Agrofest Batys – 2025: жаңа буын фермерлердің және агроинноваторлардың алаңы
2025 жылғы 26-27 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Сұлукөл ауылында республикалық ауқымдағы маңызды оқиға – «Agrofest Batys – 2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы өзект

2025 жылғы 26-27 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Сұлукөл ауылында республикалық ауқымдағы маңызды оқиға – «Agrofest Batys – 2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи жетістіктермен және тиімді тәжірибелермен бөлісу, саланың дамуына серпін беретін ортақ шешімдерді ұсыну, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арасында өзара іс-қимылды нығайту.
Көрмеге еліміздің әр өңірінен ауыл шаруашылығы саласының жетекші ғалымдары, агросекторда қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, ауыл шаруашылығы техникалары, тұқым, тыңайтқыш және пестицид өнімдерін өндірумен және таратумен айналысатын ірі компаниялардың басшылары, сондай-ақ тәжірибелі фермерлер мен мал шаруашылығы мамандары, шығармашылық зиялы қауым мен ұлттық спорт өкілдері қатысуда.
Agrofest – бұл тек өнімдер мен техникалардың көрмесі ғана емес. Бұл – ауыл шаруашылығы саласындағы білім мен тәжірибе алмасудың, өзекті мәселелерді саралап, жаңа идеялармен танысудың маңызды алаңы.
Көрме аясында келесі бағыттар қамтылған:
Related

West Kazakhstan
БҚО - да студенттер экологиялық сағат өткізді
Жаннұр Еділбаева·

West Kazakhstan
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаннұр Еділбаева·

West Kazakhstan
Батыс жұртын өлеңімен тамсандырған: Алтайдың ақ самалы Ақжайықта есті
Айдар Керім·

West Kazakhstan
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
Todayinfo Admin·