Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Айласын асырған ақ ару: Перизат Қайрат пен оның анасы 10 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін

Аса ірі көлемде ақша жымқырған 34 жастағы Перизат Қайрат он жылға дейін сотталуы мүмкін. Оған тағылған айыптар дәлелденсе күдікті ұзақ уақытқа түрмеге қамалады. Ақтөбелік аруға тағылған айыптар мен қылмыстық кодексте қарастырылған жаза белілі болды, деп хабарлайды Todayinfo. Сотт

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Айласын асырған ақ ару: Перизат Қайрат пен оның анасы 10 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін
Аса ірі көлемде ақша жымқырған 34 жастағы Перизат Қайрат он жылға дейін сотталуы мүмкін. Оған тағылған айыптар дәлелденсе күдікті ұзақ уақытқа түрмеге қамалады. Ақтөбелік аруға тағылған айыптар мен қылмыстық кодексте қарастырылған жаза белілі болды, деп хабарлайды Todayinfo. Сотта жария етілген мәліметтерге сәйкес, Қайрат Перизат пен анасы Алашбаева Ғайниге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айып тағылған:
  • 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағыірі көлемдегі алаяқтық (үш эпизод)

  • 218-баптың 1-бөлігі 2-тармағықылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру

  • 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағыбірнеше адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ақшаны жылыстату

Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар мүгедек балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Таяу Шығыстағы қақтығыстан қашқан босқындарға көмектесу үшін жиналған қайырымдылық қаражатын – жалпы сомасы 3 миллиард теңгені – мақсатсыз жұмсаған немесе жымқырған.

ҚР ҚК 190-бабында 10 жылға дейін, 218-бапта күдіктіні 6 жылға дейін, ал осы баптың 3-тармағында бес жылдан он жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Related

Айласын асырған ақ ару: Перизат Қайрат пен оның анасы 10 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін · Todayinfo