Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Алматы облысында соқтығысқан қос көлік екі жаяу жүргіншіні басып өлтірді

Фото: скриншот Алматы облысында ірі жол апаты болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қонаев-Алматы тас жолында жеңіл көліктердің соқтығысуынан жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер қаза тапты. «Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны BMW маркалы көлік құралын

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматы облысында соқтығысқан қос көлік екі жаяу жүргіншіні басып өлтірді
Фото: скриншот Алматы облысында ірі жол апаты болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қонаев-Алматы тас жолында жеңіл көліктердің соқтығысуынан жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер қаза тапты.
«Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны BMW маркалы көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргіншіні басып кетіп, Mercedes-Benz маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққы күшінен екінші жеңіл көлік те көшеден өткен кісіні соққан. Апат салдарынан екі жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
BMW көлігінің жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға түсті.
«Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - деп толықтырды полициядан.
 

Related

Алматы облысында соқтығысқан қос көлік екі жаяу жүргіншіні басып өлтірді · Todayinfo