Алматы метросында түтін мен күйік иісі сезіліп, пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды
Алматы метросындағы “Абай” станциясында қысқа тұйықталу күдігі туып, түтін иісіне байланысты пойыз тоқтатылып, құрам депоға жіберілді.

Алматы метросында түтін мен күйік иісі сезілуіне байланысты бір бағыттағы сапар уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, метрополитен диспетчерінен “Абай” станциясында қысқа тұйықталу болуы мүмкін деген ақпарат түскен.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД күштері мен құралдары жіберілген. Тексеру кезінде ашық жану белгілері анықталмаған.
Метрополитеннің дерегінше, машинист қауіпсіздік шараларын сақтап, құрамды тоқтатқан. Жолаушылар түсіріліп, тиісті әрекеттер қабылданған.
Related

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·

News
Бурабай мен «Семей орманында» өрт шықты
Жаннұр Еділбаева·