Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда «Алатау серілері» тобының концертіне мұғалімдерге күштеп билет алдыртып жатыр - Мұқаев

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше колледж оқытушысынан келген шағым хаттарды жариялады. Хаттарда 1 мамыр күні Республика сарайында өтетін «Алатау серілері» тобының концертіне билеттердің мәжбүрлі түрде сатып алынып жатқандығы айтылған,

By Айғаным Нариманова··1 min read
Алматыда «Алатау серілері» тобының концертіне мұғалімдерге күштеп билет алдыртып жатыр - Мұқаев
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше колледж оқытушысынан келген шағым хаттарды жариялады. Хаттарда 1 мамыр күні Республика сарайында өтетін «Алатау серілері» тобының концертіне билеттердің мәжбүрлі түрде сатып алынып жатқандығы айтылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Бізге қинап билет алғызып жатыр. 5000 теңгені оқытушылар мен студенттерден қолма-қол жинап жүр. Үнемі осылай ақша жинатады», – делінген бір оқырманның хатында.
Депутаттың айтуынша, дәл осы мазмұндағы шағымдар бірнеше адамнан келіп түскен. Ол бұл әрекетті «өрескел заңбұзушылық» деп атап, мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеуге үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді. «Республика сарайына адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?!» – деп жазды Дәулет Мұқаев. Көп ұзамай концерт ұйымдастырушылары бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, концертке билеттерді мәжбүрлеп сатқан емес, тек колледж басшылығы 100 билет алып, «көмектесейік, сатып береміз» деген ұсыныс білдірген.
«Мәжбүрлеп билет сатуға ешқандай қатысымыз жоқ. Қазір сол 100 билетті қайтарып алдық. Ақша иелеріне түгел қайтарылады. Концерт алдында мұндай жанжал бізге керек емес», – деді ресми өкіл.
     

Related

Алматыда «Алатау серілері» тобының концертіне мұғалімдерге күштеп билет алдыртып жатыр - Мұқаев · Todayinfo