Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда дауыл тұрып, ғимарат қирады

Алматыда қатты жаңбыр жауып, дауыл болды,деп хабарлайды Todayinfo . Желі қолданушылары күн райының күрт өзгерген сәтін фото, видеоға түсіріп, бөлісуде. Қатты найзағай ойнап, нөсер, бұршақ жауған. Тұрғындардың айтуынша, салдарынан үйлердің шатыры зақымданып, ағаштар құла

By Айғаным Нариманова··1 min read
Алматыда дауыл тұрып, ғимарат қирады
Алматыда қатты жаңбыр жауып, дауыл болды,деп хабарлайды Todayinfo. Желі қолданушылары күн райының күрт өзгерген сәтін фото, видеоға түсіріп, бөлісуде. Қатты найзағай ойнап, нөсер, бұршақ жауған. Тұрғындардың айтуынша, салдарынан үйлердің шатыры зақымданып, ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр қуаты өшіп қалған. Синоптиктердің мәліметінше, 8 сәуірге қараған түні қалада күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады деп күтілуде. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға, автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауға және қатты желден қирап қалатын әлсіз қорғалған құрылыстардың жанына бармауға шақырды.

Related

Алматыда дауыл тұрып, ғимарат қирады · Todayinfo