Todayinfo.kz
BusinessView all articles

«6 мың кәсіпкер оқытылады»: Алматыда кәсіпкерлерге арналған Almaty Business порталы іске қосылады

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов ӨКҚ брифингінде мегаполис кәсіпкерлері үшін «Almaty Business» жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. «Almaty Business» – бұл Өңірлік палата биыл жүзеге асырып жатқан бірегей жоба саналады, деп ха

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«6 мың кәсіпкер оқытылады»: Алматыда кәсіпкерлерге арналған Almaty Business порталы іске қосылады
Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов ӨКҚ брифингінде мегаполис кәсіпкерлері үшін «Almaty Business» жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Almaty Business» – бұл Өңірлік палата биыл жүзеге асырып жатқан бірегей жоба саналады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

«Almaty Business порталы құрылуда. Оған 4 негізгі компонент кіреді: бизнеске арналған онлайн-қызмет, оқыту, сауалнамалар және сараптама. Онда біз кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестің пайдасы үшін барлық цифрлық әзірлемелерді шоғырландыруға тырысамыз. Мұның бәрін біз қаланы дамытудың басымдықтарына байланысты жасаймыз», - деді ол.

Алматы қаласы ӨКП директоры кәсіпкерлерге арналған порталда 30 жуық онлайн-қызмет болатынын атап өтті. Сондай-ақ порталда 2 мыңға жуық кәсіпкерден тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға қатысушыларды 2026 жылға қарай 7 мыңға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Almaty Business жобасы аясында 6 мыңға жуық кәсіпкер оқытылады.

Related

«6 мың кәсіпкер оқытылады»: Алматыда кәсіпкерлерге арналған Almaty Business порталы іске қосылады · Todayinfo