Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес облыста мектептерді реновациялау жоспары бекітілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірде 20 мектептің реновациясы толық аяқталды. Ерейментау ауданы білім бөлімінің Үлкентау ауылындағы жалпы білім беретін мектебінде реновация аясында күрделі жөнд

Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес облыста мектептерді реновациялау жоспары бекітілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірде 20 мектептің реновациясы толық аяқталды.
Ерейментау ауданы білім бөлімінің Үлкентау ауылындағы жалпы білім беретін мектебінде реновация аясында күрделі жөндеу жүргізілді. 1976 жылы салынған үш қабатты мектеп ғимаратында бүгінде 164 оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алуда.
Мектеп директоры Гүлнар Жаниеваның айтуынша, жаңа оқу жылының басына дейін мектеп толық жаңарып, заман талабына сай жаңа келбетке ие болған. Ең бастысы – оқушылардың білімге деген ынтасы артқан.
«Реновация барысында мектеп жаңа кабинеттермен, жабдықтармен және заманауи техникамен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, химия кабинеті жаңа үстелдермен, орындықтармен, интерактивті панельмен, компьютермен, стендтермен және зертханалық құрал-жабдықтармен толықты», – деді ол.
Мектеп аумағында баскетбол, футбол және волейбол алаңдары салынып, турник пен брусья орнатылды. Сонымен қатар, заманауи білім беру технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінді – мектепте алғаш рет оқушылардың инженерлік және техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған STEM-кабинет ашылды. Бұл кабинет жоғары сынып оқушыларының ғылым мен техника саласына деген ынтасын күшейтуді мақсат етеді.
Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында білім беру саласындағы 34 нысанда күрделі жөндеу, ал 44 ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Related

Akmola Region
Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада басталды
Жаннұр Еділбаева·

Akmola Region
Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалінің үздіктері анықталды
Айдар Керім·

Akmola Region
Бұлақтың көзін ашқан ел: Бурабайда «Мөлдір бұлақ» акциясы жүздеген адамды біріктірді
Жаннұр Еділбаева·

Akmola Region
Күмбірлеген күй, ұлықталған мұра: Көкшетауда Ұлттық домбыра күні тойланды
Жаннұр Еділбаева·