"Біз Мемлекеттік департаменттен америкалық мүдделерге шабуыл жасаудан бас тартуымыз керек дегенді естідік", — деді Стефанишина.Дипломаттың сөзінше, АҚШ билігі Украинаның соққылары Ресей мен Қазақстан мұнайын ғана емес, сонымен қатар америкалық компаниялардың Қазақстаннан Қара теңіз портына тасымалдайтын шикізатын айдайтын құбыр инфрақұрылымына зақым келтіргеніне алаңдаушылық білдірген. Осы ескертуден кейін америкалық тарап Киевке ресми түрде «демарш» жасаған. Дауға былтыр қарашада Украинаның Новороссийск портында орналасқан халықаралық Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалына жасаған шабуылы себеп болды. Бұл шабуылдан кейін мұнай тиеу уақытша тоқтатылған еді. КҚК құбыры — Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты болғандықтан, Астана бұл жағдайға байланысты Киевке наразылық білдіріп, екіжақты қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін екенін ескерткен. Стефанишина бұл әңгіме Ресей аумағындағы мұнай немесе энергетикалық нысандарға соққы жасауға толық тыйым салу туралы емес, тек АҚШ-тың экономикалық мүдделерін ескеру жайында болғанын нақтылады. Оның айтуынша, Киев өкілдері америкалықтармен әңгімеде бұл талапты "назарға алғандарын" жеткізген. Фото: Әлеуметтік желіден
«америкалық мүдделерге шабуыл жасамаңдар»: АҚШ билігі Украинаға ескерту жасады
АҚШ Украинадан Ресейдегі нысандарға шабуыл жасағанда америкалық мүдделерді ескеруді талап етті. Бұған Киевтің Қазақстан мұнайы тасымалданатын портқа соққысы себеп болған.
By Мухтар Жексенбаев (журналист)··2 min read

Америка Құрама Штаттары Украинаға Ресей аумағындағы кейбір нысандарға соққы жасауға қатысты ескерту жасады, себебі бұл шабуылдар Қазақстаннан мұнай тасымалдайтын америкалық компаниялардың мүддесіне нұқсан келтірген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Украина Премьер-министрінің орынбасары Ольга Стефанишинаның CNN арнасына берген сұхбатында айтуынша, былтырғы жылдың қарашасында Новороссийск портындағы инфрақұрылымға жасалған шабуылдан кейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің шенеунігі Киевпен телефон арқылы хабарласқан. Америкалық тарап әскери нысандарды таңдау кезінде АҚШ-тың экономикалық мүдделерін ескеруді қатаң талап еткен.
Related

Politics
Presidents of Kazakhstan and Israel hold meeting in narrow format
Мұхтар Жексенбай·

Politics
Ceremonial welcome for President of Israel at Akorda
Мұхтар Жексенбай·

Politics
The President of Israel has arrived in Kazakhstan on an official visit.
Айғаным Нариманова·

Politics
Sayasat Nurbek Gives Heartfelt Advice to Couriers and Taxi Drivers: 'This Is Temporary'
Мұхтар Жексенбай·