Ақтау әкімдігі бір данасы 4,6 млн теңгенің қоқыс жәшігін сатып алмақшы
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі Ақтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 миллиард теңге жұмсамақшы. Қомақты қаражатқа қалдық тастайтын 192 контейнер сатып алмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақшаны қоқыс жәшігіне шашпақ шенділер теңіз жағасында үнемі жел соға

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі
Ақтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 миллиард теңге жұмсамақшы. Қомақты қаражатқа қалдық тастайтын 192 контейнер сатып алмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ақшаны қоқыс жәшігіне шашпақ шенділер теңіз жағасында үнемі жел соғады. Сондықтан уақытылы жиналмаған тұрмыстық қалдықтар қаланың сәні мен тазалығын бұзып жатыр дейді. Қалдықты уақытылы жинағаннның орнына әкімдік қомақты қаражатты жұмсап, шашылған қоқыстың проблемасын шешпек.
Осы мәселені біржола шешу үшін жерасты контейнерлерін орнатпақшы. Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, тиімділігіне көз жеткізіпті. Енді биыл әр данасы 4,6 миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлмекші.
«Осы жылға жер асты контейнерлерінің 192-ін сатып алу жоспарланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.192 дегеніміз контейнерлер 192 жерге орнатылады. Бұл системаның өзінде 3 контейнер бар, сонда барлығы 576 контейнер болады. Бұл 1 кубтық. Бұрынғы қаланың ішіндегі контейнерлер 1,75 куб болса, бұл контейнерлердің іші 1 де бір. Көлемі үлкендеу болады», — деді Ақтау қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.
Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·