Ақысы бар, сапасы жоқ: Астана – Павлодар трассасы опырылып түсті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Астана мен Павлодар арасындағы ақылы жолдың опырылып кеткені туралы видео тарады. Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Апат жолдың 118-шақырымында тіркелген. Жауапты мекемелер бұған ауа температурасының күр

Әлеуметтік желіде Астана мен Павлодар арасындағы ақылы жолдың опырылып кеткені туралы видео тарады. Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Апат жолдың 118-шақырымында тіркелген. Жауапты мекемелер бұған ауа температурасының күрт көтерілуі себеп болды деп отыр. Сала мамандарының айтуынша, қызған ауа мен ылғал жол қабатын ішінен көтеріп жіберген.
Қазір көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдай толық тексерілмек.
Жүргізушілер сапасыз жолға шағым айтып, ақылы трассаға төленетін қаржының қайда кетіп жатқанына күмән келтіруде.
Related

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·