Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзіліп, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Қайғылы оқиға 6 тамыз күні түстен кейін болған. Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, көпір беті бір жағына қарай қисайып қалған. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 29 адам көпірден өзен арнасына құлаған. 5 адам оқиға орнында қаза болып, 22 адам жеңіл жараланған, тағы 2 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, жаралы жандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Трагедиядан кейін Шаты туристік аймағы уақытша жабылды.
Шаты туристік аймағы Тяньшань тауының етегінде орналасқан, аумақ әсем табиғатымен бүкіл Қытайға белгілі.
Іле облысының Моңғолкүре аймағы Қазақстанның Райымбек ауылымен шекараласады.
Фото: видеодан кадр
Аспалы көпірдегі апат: қазақ-қытай шекарасына жақын маңда 5 адам қаза тауып, 24 адам жараланды
Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзіліп, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қайғылы оқиға 6 тамыз күні түстен кейін болған. Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, к

Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·