Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Астанада мас күйдегі ер адам жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол 12 жылға сотталуы мүмкін.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Астанада жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Дәрігерлер мас күйдегі екі азаматқа көмек көрсетуге келген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға елордадағы сауда орталықтарының бірінде болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша келіп, мас күйдегі екі ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Алайда, ем-домнан кейін олардың бірі агрессия танытып, фельдшерге жұдырық ала жүгірген.

Ішкі істер министрлігі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Биыл 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендерге қатысты жаза қатайтылғанын еске саламыз. Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыс жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін · Todayinfo