Todayinfo.kz
SocietyView all articles

«Ажырасқансың деп шақырмайтын»: Айнұр Тұрсынбаева қыз ұзату тойларындағы табыстан қағылған кездерін еске алды

Фото: Astana TV Қазақтың танымал айтыс ақыны,  әрі коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева ажырасқаннан кейін өмірінде қандай қиын кезеңдерді өткергенін баяндады, деп хабарлайды Todayinfo. «2016 жылы Меккеге өте ауыр күйде бардым. Ажырасқан соң қарызым көп болды. Сол жерде отырып жы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Ажырасқансың деп шақырмайтын»: Айнұр Тұрсынбаева қыз ұзату тойларындағы табыстан қағылған кездерін еске алды
Фото: Astana TV
Қазақтың танымал айтыс ақыны,  әрі коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева ажырасқаннан кейін өмірінде қандай қиын кезеңдерді өткергенін баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.

«2016 жылы Меккеге өте ауыр күйде бардым. Ажырасқан соң қарызым көп болды. Сол жерде отырып жылап, «Алла, мені берушілер қатарына қосшы. Сен үшін мені қуантудың еш қиындығы жоқ қой» деп дұға еттім. Бірақ тілегімнің қабыл боларына сенбедім. Өмірім осылай қиындықпен өтеді деп ойладым», – деді айтыскер ақын.

Оның айтуынша, ажырасқаны үшін бұрынғыдай тойға да шақырылмай қалған.
«Кейде тиын үнемдеу үшін пойызбен жүретінмін. Сонда жолсеріктер танып, тегін шай мен тамақ беріп, көңілімді аулайтын. Бизнесті бастайтын ақшам болмады, сатуға жарайтын тек тұрып жатқан пәтерім ғана бар еді. Айтыста да «қара тізімге» ілігіп қалдым. Қыз ұзатуға 200-300 мың теңгеге шығып жүрген кезім болды. Оның өзінде «ажырасқансың» деп кей тойларға шақырмайтын. Аяғымнан тұруыма жеті жыл қажет болды. Осы уақыт ішінде ақша жан-жақтан келіп, жағдайым түзеле бастады», – деп жазды коуч.

Related

«Ажырасқансың деп шақырмайтын»: Айнұр Тұрсынбаева қыз ұзату тойларындағы табыстан қағылған кездерін еске алды · Todayinfo