Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бетін ойып алған, түнімен жылап шықты»: Астана мектебінде инклюзивті бала оқушының бетіне маркер тығып алған

Фото: Azattyq-ruhy.kz Астанадағы Ахмет Байтұрсынов атындағы 48-мектепте инклюзивті сыныптың оқушысы 2-сынып оқитын қыздың бетіне маркер тығып алған, деп хабарлайды  Todayinfo.kz. Айлин есімді оқушының анасы Айгүл Жолсейіт редакцияға мән-жайды айтып берді. «Кеше қызым сабақта

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бетін ойып алған, түнімен жылап шықты»: Астана мектебінде инклюзивті бала оқушының бетіне маркер тығып алған
Фото: Azattyq-ruhy.kz Астанадағы Ахмет Байтұрсынов атындағы 48-мектепте инклюзивті сыныптың оқушысы 2-сынып оқитын қыздың бетіне маркер тығып алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Айлин есімді оқушының анасы Айгүл Жолсейіт редакцияға мән-жайды айтып берді.
«Кеше қызым сабақтан үзілісте шашки ойнап отырған жеріне инклюзивтілігі бар бала келіп, ойыншықтарын шашқан. Қызым «әрі кетіңдер» деп айтқан екен. Сол кезде бала ұшы қатты, өткір маркерді бетіне сұғып алған. Көзіне сәл жетпей қалған. Жедел жәрдем шақырып, бетіндегі тілігін тіккен. Қатты қорқып қалған, түнімен жылап шықты. Сыныпта апай болған дейді. Осындай жағдайға қалай жеткізгенін білмеймін», - дейді қыздың анасы Айгүл Жолсейіт.
Оқушының ата-анасы ерекше балалар оқитын мектептегі қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Бұл жағдай бойынша ресми органның пікірі де сұралады.

Related

«Бетін ойып алған, түнімен жылап шықты»: Астана мектебінде инклюзивті бала оқушының бетіне маркер тығып алған · Todayinfo