Todayinfo.kz
SportView all articles

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

Фото: ҰОК Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында сегіз қазақстандық финалға шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz Наталья Богданова (70 келі) жартылай финалда англиялық Шантель Ридпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта англиялық

By Айғаным Нариманова··1 min read
Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
Фото: ҰОК Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында сегіз қазақстандық финалға шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Наталья Богданова (70 келі) жартылай финалда англиялық Шантель Ридпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта англиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Үшінші раунд Натальяның басымдығымен аяқталып, финалға жолдама алды. Осылайша отандасымыз ел құрамасынан финалға берілген сегізінші жолдамаға қол жеткізді.

Бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға жолдама алған еді.

Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) ие болды.

Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Related

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады · Todayinfo