«Бортта депутат пен шенділер де болған»: ұшақ апатынан барлық жолаушы қаза тапты
28 қаңтар күні Колумбияда Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Кукута – Оканья бағыты бойынша рейс орындаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 15 адам болған. Колумбиялық The City Paper басылымының мәл

28 қаңтар күні Колумбияда Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Кукута – Оканья бағыты бойынша рейс орындаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 15 адам болған. Колумбиялық The City Paperбасылымының мәліметінше, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.
Әуе кемесі Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің таулы аймағынан табылған. Қаза тапқандар арасында Колумбия Конгресі Өкілдер палатасының депутаты Диоген Кинтеро мен депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болуы мүмкін.
HK4709 тіркеу нөмірі бар ұшақпен соңғы байланыс әуеге көтерілгеннен кейін 12 минут өткен соң үзілген. Іздестіру жұмыстарына қолжетімсіз жер бедері мен қолайсыз ауа райы кедергі келтірген. Апаттың себептері анықталып жатыр.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·