Әнші Димаш Құдайберген Ақтауда өткен концерттен кейін ерекше жағдайға ие жанкүйерімен кездесті,деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. 23 жастағы мүмкіндігі шектеулі жас жігіттің көптен бергі арманы – сүйікті әншісімен жүздесу болатын. Бұл арманы дәл сол күні – Ақтаудағы мәдени шара
Әнші Димаш Құдайберген Ақтауда өткен концерттен кейін ерекше жағдайға ие жанкүйерімен кездесті,деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
23 жастағы мүмкіндігі шектеулі жас жігіттің көптен бергі арманы – сүйікті әншісімен жүздесу болатын. Бұл арманы дәл сол күні – Ақтаудағы мәдени шара аясында жүзеге асты.
Кездесу барысында Димаш Құдайберген жанкүйер жігіттің анасына гүл шоғын тарту етіп, жылы лебізін білдірді. Ал анасы әншіге жүрекжарды алғысын жеткізді.
«Ұлым көптен бері Димашпен кездесуді армандап келді. Бұл күні арманы орындалды. Ұлымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Димашқа аналық алғысымды білдіремін», – деді анасы.
Өз кезегінде Димаш қазақ жігітіне ерекше ықыласы үшін алғысын айтып, қолындағы білезігін сыйға тартты.
Кездесу әсерлі сәтпен аяқталды – Димаш пен жанкүйері бірге «Махаббат бер маған, тағдыр» әнін шырқады. Бұл сәт ерекше әсер қалдырып, көпшіліктің жүрегін тебірентті.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына арнайы келген болатын. Шара барысында өнер көрсетіп, жанкүйерлерімен қауышты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)