Елді дүрліктірген екеу татуласып алды
Бір апта бойы ел назарында болған жанжал ақыры бейбіт түрде аяқталды. Желі қолданушыларын екіге бөлген оқиғада басты кейіпкерлер – курьер Еркін мен блогер-мұғалім татуласты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Екеуі де ашық түрде кешірім сұрап, дау-дамайға нүкте қо

Бір апта бойы ел назарында болған жанжал ақыры бейбіт түрде аяқталды. Желі қолданушыларын екіге бөлген оқиғада басты кейіпкерлер – курьер Еркін мен блогер-мұғалім татуласты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Екеуі де ашық түрде кешірім сұрап, дау-дамайға нүкте қойды. Еркін өзі жұмыс істеген Magnum дүкеніне қайта оралғанын айтып, елді сабырға шақырды.
«Дүрлікпеңіздер, бәрі жақсы. Қайта сол дүкенге қайтадан жұмысқа орналастым», – деген Еркіннің сөзі желіде қызу талқылануда.
Бұл оқиға кейбіреулер тарапынан «жоспарланған арандатушылық» деп те бағаланды. Алайда көпшілік оны қазақтілді тұтынушының өз құқықтарын қорғаудағы нақты қадамы ретінде қабылдады. Әсіресе ауылдан келген жастар мен қазақ тілді жұртшылық #бойкот бастамасын қолдап, Magnum-ның тұтынушыға және мемлекеттік тілге деген көзқарасына назар аудартты.
«Бұл оқиға ойдан шығарылған» деушілер де табылды. Бірақ нәтижесінде компания тіл саясатына қатысты үлкен сын мен жауапкершілікті сезінуге мәжбүр болды.
Курьер Еркіннің әрекеті арқылы қазақ тілі мәселесі алғаш рет осындай кең көлемде, нақты іс-әрекетпен қолдау тапты. Бұл тек бір қызметкердің құқығы ғана емес, тұтас бір ұлттың тілге деген құрметінің көрінісі ретінде бағалануда.
«Magnum-ның басшылары өз тұтынушыларының 90 пайызы – қазақтілді халық екенін білді. Енді тілге деген құрмет артады деген үміттеміз», – дейді журналист Бибігүл Дәулетбекқызы.
Related

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·