Ер адам мүгедек әйелін 97 жерден пышақтап өлтірген
Фото: istockphoto.com Өзбекстанның Әндіжан облысында ер адам әйелін асхана пышағымен 97 рет пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы 2025 жылы 5 ақпанда Әндіжан облысының Алтынкөл ауданында болған. Облыстық прокуратураны

Фото: istockphoto.com
Өзбекстанның Әндіжан облысында ер адам әйелін асхана пышағымен 97 рет пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы 2025 жылы 5 ақпанда Әндіжан облысының Алтынкөл ауданында болған.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жанжал кезінде ер адам некедегі әйеліне асхана пышағымен шабуыл жасап, денесінің 97 жеріне пышақ сұққан. ІІ топтағы мүгедек әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, оған Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі (Қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша ер адамға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Related

News
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

News
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·

News
Бурабай мен «Семей орманында» өрт шықты
Жаннұр Еділбаева·