Todayinfo.kz
SportView all articles

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа бір жыл бұрын уәде етілген пәтер берілді

Фото: ҰОК Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа күрес федерациясы бір жыл бұрын уәде еткен пәтерін табастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 1 желтоқсаннан бастап Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Айтулы іс-шараның ашылу салтанатын

By Айғаным Нариманова··1 min read
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа бір жыл бұрын уәде етілген пәтер берілді
Фото: ҰОК Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа күрес федерациясы бір жыл бұрын уәде еткен пәтерін табастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 1 желтоқсаннан бастап Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Айтулы іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан күрес федерациясының бірінші вице-президенті Марат Өмірбекұлы Нұрқожа Қайпановқа пәтерді салтанатты түрде табыс етті. Еске сала кетейік, жақында Нұрқожа Қайпанов Нұрқанат Жылқышыбайға берген сұхбатында бір жыл бұрын уәде етілген пәтерін ала алмай жүргенін айтқан еді. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыдан кейін балуанның мәселесі оң шешімін тапты. Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алған. Бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс, ал 2025 жылы қола жүлде жеңіп алған. Сондай-ақ ол – үш дүркін Азия чемпионы. 2022 жылы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында финалда жеңіліп, күміс медаль алған.

Related

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа бір жыл бұрын уәде етілген пәтер берілді · Todayinfo