“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды” – делінген құттықтауда.
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды
Фото: facebook.com/gggboxing/ Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Римде өтіп жатқан World Boxing

Фото: facebook.com/gggboxing/
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Римде өтіп жатқан World Boxing басшысын сайлау барысында жеңіске жетіп, ұйымның президенті болып бекітілді.
Сайлауда GGG жалғыз кандидат болды. Конгреске қатысқан мүшелер оны бірауыздан қолдап, дауыс беру нәтижесінде жоғары лауазымға тағайындады.
Осылайша, Геннадий Головкин халықаралық спорт федерациясын басқаратын тұңғыш қазақстандық ретінде тарихқа енді.
Сайлаудан кейін Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді халықаралық ұйым президенті болып сайлануымен құттықтап, оның бұл жетістігін спорттағы қажырлы еңбектің лайықты жемісі екенін атап өтті.
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·