Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Гипноздап, ұйықтатып 18 млн теңге несие алдыртқан»: Ақтөбеде алаяқ емші ұсталды

Ақтөбеде емші әйел алдына келгендерді гипноздап 18 млн теңгеге дейін несие алдыртқан, деп хабарлайды Todayinfo. Журналист Диас Нұрақынның жазуынша, Сұлушаш Қазыбаева деген емші дертіне дауа іздеп келген жүзге жуық адамды гипноздап, ұйқылы-ояу халге түсіріп, несие рәсімдеткен. Айл

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Гипноздап, ұйықтатып 18 млн теңге несие алдыртқан»: Ақтөбеде алаяқ емші ұсталды
Ақтөбеде емші әйел алдына келгендерді гипноздап 18 млн теңгеге дейін несие алдыртқан, деп хабарлайды Todayinfo. Журналист Диас Нұрақынның жазуынша, Сұлушаш Қазыбаева деген емші дертіне дауа іздеп келген жүзге жуық адамды гипноздап, ұйқылы-ояу халге түсіріп, несие рәсімдеткен. Айлакер әйелге алданғандардың алды 18 млн, ең азы 1 млн теңге ақша берген. Тіпті емшінің туыстары мен ауылдастары да алданып қалған. Алаяқтың арбауына түскендер бүгін прокуратура мен полицияға барған. Сұлушаш Қазыбаеваны қолға түсіру үшін Ақтөбе қаласының бас полицейі емшінің қабылдауына жазылған. Сол жерден әйелді ұстап алып кеткен. Қазір емшінің үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.

Related

«Гипноздап, ұйықтатып 18 млн теңге несие алдыртқан»: Ақтөбеде алаяқ емші ұсталды · Todayinfo