— Үшінші рет бірдеңе жарылды. Жарылыс болды — бірақ мен оны ұшақтың ішінде болды деп айта алмаймын. Мен отырған жердің қасындағы қаптама ұшып кетті, — дейді Рустем Адагамов.Бұған дейін ұшақ Грозныйдағы тұманға байланысты Каспий теңізі арқылы Ақтауға бағытталғаны хабарланған болатын. Кейін әуе кемесі құстар тобына соқтығысып, басқарудан айырылған деген болжам жасалды. Алайда, ұшақтың қаптамасындағы іздер басқа жағдайды меңзейді. Ұшақ Грозныйға жақындағанда атып түсірілген болуы мүмкін. Оны украиндық ұшқышсыз ұшу аппараты деп шатастырған болуы ықтимал, себебі дәл сол күні Грозныйға дрондар шабуыл жасаған еді. Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында барлығы 69 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Әуе апатынан 28 адамның тірі қалғаны хабарланды.
«Грозныйға үш рет қона алмаған»: Ақтауда құлаған ұшаққа дрондар шабуыл жасауы мүмкін
Ақтауда бүгін орын алған әуе апатына байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ұшақ ішінде болған жағдайды Рустем Адагамов есімді блогер жазды, деп хабарлайды Todayinfo . Оның сөзінше, ұшақтың сыртқы қаптамасынан зениттік зымыран жарылысы кезінде пайда болатын іздер табылған. Тірі

Ақтауда бүгін орын алған әуе апатына байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ұшақ ішінде болған жағдайды Рустем Адагамов есімді блогер жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
Оның сөзінше, ұшақтың сыртқы қаптамасынан зениттік зымыран жарылысы кезінде пайда болатын іздер табылған. Тірі қалған жолаушылардың бірі пилоттардың Грозныйға үш рет қонуға тырысқанын айтып берді.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·