Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Хаки мен күлгіннің қосындысы: Назым Қызайбайдың жаңа көлігі талқылауға түсіп жатыр

Қазақ боксының мақтанышы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңа көлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Оның темір тұлпарын ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өз парақшасында көрсетті. Жаңартылған автокө

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Хаки мен күлгіннің қосындысы: Назым Қызайбайдың жаңа көлігі талқылауға түсіп жатыр
Қазақ боксының мақтанышы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңа көлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Оның темір тұлпарын ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өз парақшасында көрсетті. Жаңартылған автокөлік арнайы бронепленкамен қапталған. Блқаыбекованың айтуынша, темір тұлпардың түсі ерекше: хаки мен күлгіннің үйлесімі. Ең қызығы – көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі де ерекше: 001NAZ, бұл Қызайбайдың спорттағы мәртебесін көрсетеді.
"Вааай. Қараңыздаршы мына көлікке. Назым бронепленка жасатыпты. Керемет! Менің сүйікті түсім – хаки мен күлгіннің қосындысы. Құтты болсын!",- деп пікір білдірді Балқыбекова. 
Алуа Балқыбекова. ФОТО: instagram/@balkibekovaas
Айта кетейік, Назым Қызайбай биыл Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында (48 келі салмақта) өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Сол турнирде Алуа Балқыбекова да 50 келі салмақта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Қос қызға билік тарапынан пәтер мен автокөлік және қомақты сыйақылар берілді.

Related

Хаки мен күлгіннің қосындысы: Назым Қызайбайдың жаңа көлігі талқылауға түсіп жатыр · Todayinfo