Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Іле ауданында өзгеріс: жемқорлықпен ұсталған Қарасаевтің орына жаңа әкім тағайындалды

Атышулы Іле ауданына жаңадан әкім тағайындалды. Соңғы екі айдан бері бос тұрған лауазымға 49 жастағы жігіт әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.  Оның кандидатурасын ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттары қолдаған. Қайыржа

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Іле ауданында өзгеріс: жемқорлықпен ұсталған Қарасаевтің орына жаңа әкім тағайындалды
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған. Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді: Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы. Еске салайық, Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Related

Іле ауданында өзгеріс: жемқорлықпен ұсталған Қарасаевтің орына жаңа әкім тағайындалды · Todayinfo