Todayinfo.kz
NewsView all articles

Концертте жанды дауыста ән айта алмаған Kalifarniya сынға ұшырады

Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін тойлауға арналған гала-концертте жастардың сүйікті әншісі Kalifarniya тыңдармандар тарапынан қатты сынға ұшырады,деп хабарлайды  Todayinfo. Концертте еліміздің белгілі өнерпаздары жанды дауыста өнер көрсетті, ал Kalifarniya ө

By Айғаным Нариманова··1 min read
Концертте жанды дауыста ән айта алмаған Kalifarniya сынға ұшырады
Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін тойлауға арналған гала-концертте жастардың сүйікті әншісі Kalifarniya тыңдармандар тарапынан қатты сынға ұшырады,деп хабарлайды Todayinfo. Концертте еліміздің белгілі өнерпаздары жанды дауыста өнер көрсетті, ал Kalifarniya өзінің хит әні «Қарды» орындап, көпшіліктің назарына ілікті. Бірақ әншінің бұл өнері көрермендерді таңғалдырғаннан гөрі көңілдерін қалдырды. Орындаушы ырғақты ұстай алмай, даусының әлсіз шыққаны байқалды. Тыңдармандар әлеуметтік желілерде: “Бұрын сүйікті әншім еді, енді тыңдағым келмейді”, “Ноталарды дөп баса алмады”, “Даусы мүлде шықпады”, “Димаштан үлгі алса ғой”, тіпті “Семіріп кеткеннен даусы жетпей жатыр” деген сияқты пікірлер қалдырды. Алайда әншінің арт-менеджері мұны техникалық ақаулармен түсіндірді. Оның айтуынша, концерттің нашар ұйымдастырылуы, әсіресе микрофон мен құлаққаптың істен шығуы әншінің өнеріне кедергі келтірген.
«Музыка да, даусы да естілмеді. Біз де сол кемшілікті байқадық», – деп ақталды менеджер.
Бұл оқиға әншінің таланты мен концерттің ұйымдастыру деңгейіне қатысты қызу пікірталас тудырды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Related

Концертте жанды дауыста ән айта алмаған Kalifarniya сынға ұшырады · Todayinfo