Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 КО) жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізген жекпе-жекте қарсыласын ұта алмады, деп хабарлайды Todayinfo.
Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалық Марио Барриос (29-2-2, 18 КО). Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтіп, он екі раундқа жоспарланды.
Пакьяо қарсыласын нокаутқа түсіре алмады. Чемпионды төрешілер анықтады: екеуі тең есеп тіркесе (114:114), біреуі 115:113 есебімен жеңісті Барриосқа берді. Осылайша, көпшіліктің шешімі бойынша кездесу тең аяқталып, 46 жастағы Пакьяо WBC чемпиондық белдігін иелене алмады.
Филиппиндік Мэнни Пакьяо соңғы рет 2021 жылы жұдырықтасқан.Күші кеткен: Атақты Мэнни Пакьяо WBC чемпиондық белдігінен айырылып қалды
Тheguardian.com / John Locher/AP Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 КО) жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізген жекпе-жекте қарсыласын ұта алмады, деп хабарлайды Todayinfo. Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалы

Тheguardian.com / John Locher/AP
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·