Todayinfo.kz
NewsView all articles

Мэлс Елеусізов ұзақ жыл мемлекетті сынап келген: танымал экологтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

Елеусізов Тимур Мэлсұлы «Жасыл-Алматы» («Зеленстройдың» заманауи баламасы) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған мекеме қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұст

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Мэлс Елеусізов ұзақ жыл мемлекетті сынап келген: танымал экологтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

Елеусізов Тимур Мэлсұлы «Жасыл-Алматы» («Зеленстройдың» заманауи баламасы) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған мекеме қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады. Бұл туралы қаланың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

Жаңа құрылымның негізгі міндеті — жасыл аумақтарға жүйелі күтім жасау, тәртіп орнату, сондай-ақ оларды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті нақты бөле отырып, тәжірибелік нәтижеге бағытталған бірыңғай тәсілді қалыптастыру.

«Жасыл-Алматы» КММ-ні құру туралы шешім қаладағы жасыл қорды басқару саласында жинақталған мәселелерді, бірыңғай оператордың болмауын және жасыл желектерге күтім жасаудағы бытыраңқы тәсілді ескере отырып қабылданды.

Фото: Алматы әкімдігі

Related

Мэлс Елеусізов ұзақ жыл мемлекетті сынап келген: танымал экологтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалды · Todayinfo