– Балалардың анасы – жалғызбасты. Жетім ретінде кезекте тұрып, мемлекеттен баспана алған. Отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Әжесі дәл сол қоғамдық дәретханада ресми түрде кассир болып жұмыс істейді. Анасы бірнеше күн бұрын балаларын әжесіне қалдырғаны белгілі болды, – делінген хабарламада.Әкімдіктегілер балалардың анасы тіркелген үйге де бас сұққан. Ол үйдегі жағдай мүлдем адам төзгісіз екен. Ешқандай санитарлық талап сақталмаған, есіктері қираған. Балалар бұл уақытта тәтесінің үйінде болыпты, еске салайық тәтесі де жетім ретінде мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерге қол жеткізген. Қамқоршылық органдары отбасыға тексеріс жүргізген, түсіндіру жұмыстарын да өткізген. Балалар апта соңына дейін анасының қарауына уақытша беріліп отыр, басты себеп – анасының ресми мәлімдемесі. Егер жағдай өзгермесе, балалар анасынан заң жүзінде алынатын болады. Әкімдіктің мәліметінше, мемлекет бұл отбасыға барлық қажетті көмекті көрсеткен. Баспана берген, әлеуметтік төлемдер тағайындалған. Негізгі қызметтерге қол жеткізу де қамтамасыз етіліп отыр. Десе де, жағдай мүлдем басқаша бағыт алған. Ақтау әкімдігі мәселені назардан тыс қалдырмауға сендірген. Фото: lada.kz
Мемлекеттен баспана, көмек алған: Ақтауда жалғызбасты ана балаларын дәретхананың еденінде ұйықтатып жүр
Бұған дейін отандық БАҚ-тарда қоғамдық әжетханада балалардың ұйықтап жатқаны, ал кассирдің оқиға кезінде мас болғаны туралы адам шошырлық ақпарат тараған еді. Аталған оқиғаға байланысты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды toda
By Айғаным Нариманова··2 min read

Бұған дейін отандық БАҚ-тарда қоғамдық әжетханада балалардың ұйықтап жатқаны, ал кассирдің оқиға кезінде мас болғаны туралы адам шошырлық ақпарат тараған еді. Аталған оқиғаға байланысты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды todayinfo.kz
Әкімдік қызметкерлері балаларды мұндай жағдайға жеткізген отбасының тұрмыс-тіршілігін тексеруге белсене кіріскен. Тексеру барысында олар туралы жаңа деректерге қол жеткізіп отыр.
4 тамыз күні әкімшілік мамандары оқиға орнына барған, бірқатар жағдайды анықтаған.
Related

News
Private bailiff in Almaty embezzled millions of tenge, sentenced to prison
Мұхтар Жексенбай·

News
Ex-president's second wife Asel Isabayeva attended Dinara Satzhan show in Astana
Жаннұр Еділбаева·

News
AFM commented on Elmira Tolegenova's statements about possible pressure during investigation
Жаннұр Еділбаева·

News
Almaty to Strengthen Control Over Condominium Associations: Nearly 300 Inspections Planned
Мұхтар Жексенбай·