Todayinfo.kz
SportView all articles

Мемлекеттің араласуға құқығы жоқ: Министр «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчының билет бағасына қатысты пікір білдірді

 Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем назарын аударған Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz - Қазір бар назарды чемпиондар лигасының өз алаңымызда өтетін матчқа дайындыққа аударып отырмыз.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Мемлекеттің араласуға құқығы жоқ: Министр «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчының билет бағасына қатысты пікір білдірді
 Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем назарын аударған Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz
- Қазір бар назарды чемпиондар лигасының өз алаңымызда өтетін матчқа дайындыққа аударып отырмыз. Алматыдағы стадион УЕФА-ның төртінші санаттағы аренасы, стандарттарға сәйкес келеді, ойынды сонда өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, аталған стадионда бұған дейін де жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізілген.
- Солардың аясында дайын екенімізді, инфрақұрылымның ауқымды іс-шараны өткізуге әзір екенін көрдік. «Реалмен» өтетін матчқа УЕФА квотасына сәйкес шамамен 4–5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр, - дейді ол.
Сондай-ақ ведомство басшысы матч билетінің құнына қатысты ойын ортаға салды.
- Қазір билет бағасына қатысты нақты ақпарат жоқ, бұл бағытта клуб УЕФА-мен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Барлық ақпарат клубтың ресми сайтында жарияланады. Бұл клуб пен УЕФА арасындағы келісім, мемлекеттің араласуға құқығы жоқ, - деп қысқа қайырды Туризм және спорт министрі.
Фото: Tengri Sport

Related

Мемлекеттің араласуға құқығы жоқ: Министр «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчының билет бағасына қатысты пікір білдірді · Todayinfo