Todayinfo.kz
NewsView all articles

Меркіде ресейлік мототуристі екі рет пышақтаған ер адам ұсталды (видео)

Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан жанармай құю бекетінде орын алған суық қарумен шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан белгілі болды,деп хабарлайды Todayinfo.   Шымкентке жол тартқан шетелдік мототурист жанармай бе

By Айғаным Нариманова··1 min read
Меркіде ресейлік мототуристі екі рет пышақтаған ер адам ұсталды (видео)
Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан жанармай құю бекетінде орын алған суық қарумен шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан белгілі болды,деп хабарлайды Todayinfo.  

Шымкентке жол тартқан шетелдік мототурист жанармай бекетінде белгісіз ер адамның шабуылына ұшыраған. Күдікті оған екі рет пышақ сұққаннан кейін оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары оны ізін суытпай қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Шетелдік азаматқа полиция қызметкерлері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізді. Жәбірленуші медициналық көмек алғанымен, ауруханада жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың мәлімдеуінше, тергеу барысы оның жеке бақылауына алынған.

«Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деді министр.

Related

Меркіде ресейлік мототуристі екі рет пышақтаған ер адам ұсталды (видео) · Todayinfo