Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Али Алиевтің мансабын босатуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. — Спорттық бөліммен келесі бапкер кім болатынын команда оралған соң шешеміз. Экспат па, әлде жергілікті маман ба, оған қар
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Али Алиевтің мансабын босатуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
— Спорттық бөліммен келесі бапкер кім болатынын команда оралған соң шешеміз. Экспат па, әлде жергілікті маман ба, оған қарамаймыз. Міндетті түрде бапкердің кәсіби құзыреттілігіне қараймыз, — деп қысқа қайырды Марат Омаров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ тілшілер қауымы футбол федерациясының президентінен Али Алиевтің қызметіне баға беруін сұрады.
— Өзіне жүктелген міндетті орындады. Құраманың орташа жасы 25–26-да. Дегенмен, нәтиже көңіл көншітпейді. Сондықтан команда келген соң кадрлық шешім қабылдаймыз. Себебі келісімшарттық мәселе, белгілі бір шарт және заң тұрғыдан реттейтін жайт бар, — дейді ол.
Фото: ҚФФ